27.01.2017 ж. Пирзадаев Арман Нұрғабылұлының «Қылмыстық құқық бұзушылық зардабының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері (жымқырумен байланысты материалдар негізінде)» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының қорғауы
2017 жылғы қаңтар айының 27 жұлдызында, сағат 15.00-де «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да Пирзадаев Арман Нұрғабылұлының «Қылмыстық құқық бұзушылық зардабының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері (жымқырумен байланысты материалдар негізінде)» тақырыбында «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология кафедрасында дайындалған.
Рецензенттер:
Смағұлов Асылбек Айжарықұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандықтары «12.00.08 – Қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы»), қызметі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Бижанова Айгуль Рабхановна – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандықтары «12.00.08 – Қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы»), қызметі – «Туран-Астана» унивеситетінің профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандықтары «12.00.08 – Қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы»), соңғы қызметі – «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның Президенті.
Голик Юрий Владимирович – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандықтары «12.00.08 – Қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы»), И.А.Бунин атындағы Елецк мемлекеттік университетінің құқық факультетінің қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу құқық кафедрасының профессоры, «Европейский Институт JUSTO» қылмыстылықпен күресудің құқықтық тәсілдері кафедрасының профессоры.
Қорғау «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да «6D030100 – Заңтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» диссертациялық кеңесінде, қазақ тілінде, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, 611 аудиторияда (Ғылыми Кеңес залы) өткізіледі.