КАЗГЮУ Университеті өкілдері КФУ (Қазанда) болып қайтты

Еуразиялық Одақты бірге үйренеміз

Бұл туралы ой КАЗГЮУ Университеті өкілдерінің Қазан Федералдық университетіне барған сапарында қозғалды. Аталмыш сапар қаңтар айының 19-шы жұлдызында болды және қазақ университетінің делегациясын Басқарма Төрағасының қаржы мәселелеріжөніндегі орынбасары Надежда Коробко бастап барды. Қазан университетін әңгіме-сұхбат барысында ішкі байланыс жөніндегі проректор Линар Латыпов, ішкі байланыс департаментінің директоры Андрей Крылов, сонымен қатар, заң факультеті мен басқару, экономика, қаржы институтының өкілдерін таныстырып өтті.

«Бұл жылғы алғашқы сапарды бастаған Қазақстаннан келген әріптестердің болуы ерекше жайт. Біз Еуразиялық Одақты заңдық, экономикалық көзқарас тұрғысынан біріге отырып үйретуді жоспарлаудамыз.

Жалпы айтқанда, біз үшін ең мықты заң университеттерінің бірі болып есептелетін Қазақ гуманитарлық-заң университетімен ынтымақтастық қатынаста болу өтек маңызды нәрсе» – деді Линар Латыпов өз сөз кезегінде.

Әңгіме екі университет арасындағы оқытушылар мен студенттердің алмасып білім алуы, бірігіп жариялынымдар жариялау, және біріккен білім бағдарламаларын жүргізу сияқты өзара қарым-қатыас жайында өрбіді.

Кездесу кезінде Линар Латыпов Қазан университетінің Қазақстан ЖОО-мен ынтымақтастығы кең көлемде екендігін айта өтті. Бұл сөздің шындығын Қазан Федералдық университетінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен, Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетімен, Халықаралық Түрік Академиясымен және т.б. ғылыми-білім беру мекемелерімен тығыз байланысынан көре аламыз. Бұдан басқа, 2015-2016 жылдары  ҚФУ-де Қазақстаннан 285 азаматтың білім алуы да бұл тығыз байланысты дәлелдей түседі.

Анықтама үшін: 2013 жылдың 1 мамырынан бастап КАЗГЮУ университетінің ректоры, 2007 жылдан бастап АО «КАЗГЮУ университетінің» Басқарма төрағасы, президенті қызметін атқарып келген – з.ғ.к. Нарикбаев Т.М. болып табылады. Бүгінгі күні КАЗГЮУ – Еуропа заңдық білім беру мекемелерінің әр жыл сайынғы анықтағышына еніп отырған, Қазақстанның ЖОО. Даусыз жетістіктерімен ҚР Жоғарғы білім беру мекемелерінің Ассоциациясына және Еуразиялық университеттер ассоциациясына мүше, сонымен қатар, Ф:Джессоп атындағы кубогына халықаралық құқық бойынша халықаралық жарыстар әкімшісі ұлттық статусына ие.

КФУ

Поделиться с друзьями: