КАЗГЮУ Университетінде «Жаһандық жаңа жаңалықтар жағдайында мықты және дамыған мемлекетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауында елбасы Н.Назарбаев төмендегіні айта кетеді: «Қазір әлем жылдам қарқынмен өзгеріп келеді. Басқа дәуір келе жатыр. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелге бас қоятын жаңа жаһандық шындықтар тууда…».

Елбасы жолдауының өзектілігі мен мәнін ескере отырып, КАЗГЮУ Университетінің құқықтық саясат және конституциялық заңнамасының НИИ 2016 жылдық 20 қаңтар күні«Жаһандық жаңа жаңалықтар жағдайында мықты және дамыған мемлекетті қалыптастыру мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияда жаһандық өзгермелі жаңалықтар мен әлемдік экономикалық даңдарыс кезеңінде мықты әрі дамыған мемлекет қалыптастырудың негзігі бағыттары мен құқықтық саясаттың өзекті мәселелері қарастырылды. Аталмыш конференция барысында «Мықты мемлекет құру: қазақстандық үлгі» (Ударцев С.Ф. – з.ғ.д, профессор, КАЗГЮУ Университеті құқықтық саясат және конституциялық заңнамасы НИИ директоры), «Бірлік қағидасы және мемлекеттік биліктің бөлігі – мықты, демократиялық және құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі» (Малиновский В.А. – з.ғ.д., профессор Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңестің мүшесі), «Қазақстан Республикасының парламенті болашақта: тұжырым мен шешім» (Нурпейісов Е.К. – з.ғ.к., доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті Тарих Институтының бас ғылыми қызметкері), «Еуразиялық интеграцияның Әлемдік көзқарастағы басымдықтары: болашақ туралы ойлау» (Бусурманов Ж.Д. – з.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық құқық, құқық пен мемлекет тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры), «Қазақстанның арнайы прокурорларының Институты, оның құқықтық мемлекет құрудағы рөлі» (Патсаев У.К. – ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаменті басшысы), «Халықаралық және ұлттық соттық және квазисоттық органдардың заманауи қауіп-қатерлерге қарсы қатынас ретіндегі ынтымақтастығы»(Дауленов М.М. – PhD доктор, доцент,  КАЗГЮУ Университеті АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, С.Зиманов атындағы фундаментальдық және қолданбалы ғылымдар Академиясының диеркторы), «Әр тұрғаның құқықтық қорғаныстағы конституциялық құқығы: түсінік және мазмұн» (Жұмаділова А.Б. – з.ғ.к., доцент, КАЗГЮУ Университеті мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары ісінің айқындығы мен ашықтығы жетістіктеріндегі қоғамдық кеңестердің рөлі мен мәні» (Жангуттинова Д.М. – з.ғ.к., КАЗГЮУ Университеті мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті), «Мемлекеттік-қызметтік қатынастардың құқықтық реттілігіндегі сыбайластықпен күрес мәселесі: салыстырмалы-құқықтық талдама» (Оразбаева А.А. – з.ғ.к., КАЗГЮУ Университеті Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті) және т.б. тақырыптарда, соның ішінде, КАЗГЮУ Университетінің және Қазақстан мен ТМд елдері ЖОО докторанттары, магистранттары баяндама қорғады. Мұнымен қоса, Қазақстан мен ТМД елдері ЖОО-ның ғалымдары конференцияға сырттай қатысты.

Берілген баяндамалар бойынша конференция материалдарының жинағы басылымға ұсынылады.

Источник:

http://inform.kz/rus/article/2861909

http://www.gorodpavlodar.kz/News_41042_4.html

Поделиться с друзьями: