КАЗГЮУ Университеті «Білім беру және мансап – 2016» көрмесіне қатысты

 

2016 жылдың 4-6 сәуірі аралығында КАЗГЮУ Университеті

қызметкерлері Алматы қаласында кәсіби бағдарлы жұмыстарды жүргізді.

Жұмыс барысында ЖОО қызметкерлері білім беру мекемелері, гимназиялар,

лицейлерде «КАЗГЮУ-де білім алудың басымдықтары» атты

таныстыруларын өткізді. Алматы қаласының 11 сынып түлектері кеңестер

алып, «КАЗГЮУ-ға барғым келеді» атты шығармашылық видео-байқауға

қатысуға өтініштерін берді. КАЗГЮУ-ға оқуға түскісі келетін барлық жоғары

сынып оқушыларына ЖОО бағдарламалары туралы кітапшалар таратылды.

7-9 сәуірде Алматыда өткен «Білім беру және мансап – 2016» көрмесіне

100-ден астам қазақстандық және шетелдік ЖООлар қатысып, жоғары білім

алғысы келген 1500-ден астам келушілер болды. Көрмеге қатысу арқылы

КАЗГЮУ Университетінде білім алудың басымдықтары туралы мақсатты

аудиторияға ақпаратты жеткізу мүмкіндігі туындады. ЖОО өкілдері

КАЗГЮУ-ге оқуға қабылдану шарттары мен білім алу туралы, академиялық

ұтқырлық бағдарламалары туралы, «КАЗГЮУ-ға барғым келеді»

шығармашылық видео-байқауы туралы Алматы қаласының 11 сынып пен

колледж түлектерін ақпараттандырды. Көрме қонақтары үшін КАЗГЮУ

жетістіктері мен марапаттары туралы, қазіргі байқаулар мен студенттік

ұйымдар туралы видеоролик ұсынылды. Сонымен қатар ары қарай қабылдау

комиссиясы кезінде ақпараттандырылу үшін әлеуетті студенттердің

байланыс мәліметтері жинақталды.

Поделиться с друзьями: