КАЗГЮУ-де үлкен аншлагпен Ашық есік күні өтті

КАЗГЮУ Университетінде астаналық мектептердің жоғары сыныптары оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Жалпы саны жүз елуден астам адам ЖООның шақыртуын қабыл алып, университетке келіп, бірқатар шараларға қатысты.

Университетпен таныстыру Маркетинг бөлімінің қызметкерлерімен дайындалған «КАЗГЮУ Университетінде оқудың 10 себебі» атты тұсаукесерден басталды. Сосын балаларда оқытушылардан тікелей кеңестер алуға мүмкіндік туындап, олар болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты барлық сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Қонақтарға оқу ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия аясында балалар Криминалистикалық полигонда, елдің үшінші заңнамалық билігінің астаналық өкілдерінің қатысуымен көшпелі сот отырысы өтетін залда, М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханада, Теңге залы мен Үш би залында болып қайтып, ЖООның сәулет өнері мен мұражай қорының тарихи көрнекіліктерімен танысты.   

Қоштасарда жас достар шараның ұйымдастырылуының жоғары дәрежеде өткенін атап өтіп, соның арқасында өздерін студенттік өмір мен КАЗГЮУ әлемінің бір бөлшегі ретінде өздерін сезінуге мүмкіндік алғанына қатысты қуаныштарымен бөлісе отырып, қызықты байқаулар мен естелік сыйлықтарына қатысты алғыстарын айтты.

Поделиться с друзьями: