КАЗГЮУ-де «Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттестігі» жинағы жарық көрді

КАЗГЮУ Университеті Құқықтық саясат пен конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институты «Ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттестігі» жинағын жарыққа шығарды.

Жинаққа «Жария құқығы саласындағы ұлттық және халықаралық құқықтың өзара әрекеттестігі: құқықтық саясат және құқықтық реттеу (отандық және шетелдік тәжірибе)» дөңгелек үстелінің материалдары енген. Дөңгелек үстел КАЗГЮУ Құқықтық саясат пен конституциялық заңнама ҒЗИ-да 2015 жылдың 15 мамырында өткен.

Мұнда Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы ұлттық орталығының жетекшісі А.В. Калюжныйдың, «Адам құқығы мен заңдылықтың сақталуы бойынша қазақстандық халықаралық бюросы» АҚ Қостанай филиалының директоры А. Миллердің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сарсембаевтың, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы хатшылығының жетекшісі, Экономика және қаржылық саясат министрі А.Б.Кишкембаевтың, заң ғылымының докторлары, профессорлар  С.Ф. Ударцев, М.Ч. Қоғамов, А.Д. Жусупов, Ш.В.Тлепиналардың, заң ғылымының кандидаттары А.С.Жаппарова, А.К.Надирова, Д.Г. Михайленколардың, доктора PhD А.Абылайұлының, докторант Ж.Р. Темирбековтың, магистрант Л.М.Ищанованың ғылыми баяндамалары ұсынылған.  Адам құқығы, энергетика және экология, еңбек құқығы, қаржылық қатынастар, қазіргі құқықтық саясат саласындағы ұлттық және халықаралық құқық қатынастарының әрекеттесу мәселелерінің жалпы және жеке тақырыптары ашылған. Оның ішінде әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы тұрақты даму, тарихи және шетелдік тәжірибеге қатысты мәселелер де қозғалған.

Сонымен қатар жинақта КАЗГЮУ Университетінің Президенті, заң ғылымының докторы, профессор М.С.Нәрікбаевтың соңғы құттықтау сөзі мен мақаласы да енгізілген.

Редакциялық алқасы: С.Ф. Ударцев (төраға), Э.А. Калиева, А.Ж.Наурызбай, Д.М. Бисенгалиева.

Поделиться с друзьями: