КАЗГЮУ Қазақстанда бизнес жүргізудің жаңа деңгейін енгізуде

Танысып қойыңыздар, айдардың келесі қонағы – Данияр Ахтаев, табысты кәсіпкер, астаналық тамақтану нарығын экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету жобасының авторы, Астана қаласы «Сарыарқа» кәсіпкерлер ассоцияациясының жетекшісі, «ADS Holding» ЖШС Бас директоры, онымен қоса, КАЗГЮУ Бизнес-мектебі МВА-дың қазіргі кездегі тыңдаушысы. Данияр Сейтханович біздің айдардағы сұхбатында бағалы кәсіпкерлік тәжірибесімен бөліседі.

– ДаниярСейтханович, Сіздің еңбек жолыңыз неден басталды?

– Негізі мен еңбек жолымды мемлекеттік университетте білім ала жүріп, студент кезімнен бастадым. Күндізгі кезде оқуға көңіл бөлсем, ал кешке жеке компаниялардың бірінде күзетші болып қызмет еттім. ЖООны аяқтағаннан кейін өз мамандығым бойынша қаржылық менеджер жұмысына орналастым. Осылайша менің қаржыгер мансап жолым басталды. Қазіргі кезде бірқатар компаниялардың құрылтайшысы болып табыламын.  Холдинг қызметінің аясы – ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, егіншілік, ритейл, құрылыс.

– Сізге Бизнес-мектепке түсу идеясы қалай келді?

– Мен, Астана қаласындағы «Сарыарқа» Кәсіпкерлер ассоцияцисының  төрағасы ретінде бизнесте басында бос уақыт пен қорды тарату, өткізу болып көрінетін жаңа білімнің жоқтығы мен қажетті бағдардың болмауынан тоқыраумен жиі кездескенімді сеніммен айта аламын.  

Кәсіби біліктілігімнің деңгейін арттыру мен үшін болашақ кәсіпкерлік қызметімді жалғастыру үшін аса үлкен қажеттілікке айналды. Заманауи бизнестің үрдістерін зерттеу міндеті туындады. Мен КАЗГЮУ-дегі МВА бағдарламасына қатысты өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Бұл бағдаламаның басты басымдығы – оның қос диплом беретіндігінде деп білемін. Оның бірі UBIS Швейцария универсиететінің дипломы. Ал ол университет – өзінің сапалы білім беру үрдісімен, беделді түлектерімен Еуропада танымал беделге ие болған университеттердің бірі. Сабақтар белсенді түрде өтеді. Оқытушылардың бірқатары Швейцариядан. Олар бар білгендерін беруге қатысты өз құлшыныс-ынталарымен таңқалдырады.

– КАЗГЮУ Бизнес-мектебінде оқу кезінде алған білімдеріңіз қалайша бүгінде Сіздің бизнес-жобаларыңыздың дамуына ықпалдасуда?

– Оқу үдерісінде мен өз машықтарымды жетілдіремін және алған білімімді өз компанияларымда іс жүзінде енгізуге тырысамын. Мұнда жоғары деңгейлі біліммен қатар құны да ойға қонымды, әр түрлі жеңілдіктер беріледі және төлем жүйесі ыңғайлы. Барлық керегі – уәждеме мен басқарушының қолда бар қабілеттерін іс жүзінде пайдалануға қатысты ұмтылыс.

Оқытушылар жылдар бойы жинақтаған білімдерін үлкен құлшыныспен беріп отырады. Әрқайсысы бізбен бірге де жетіледі. Меніңше, ұстаздың өмірлік мағынасының өзі де осында. Өз ісін оқушылары арқылы танып-білу. Олардың арасында ештеңеге қарамастан үнемі бізді білім алуға шабыттандырудан шаршамайтын адам бар. Бұл өз өмірі бойына әр нәрсені танып, жаңалықтарды білуге құмартатын Жамал Мадахметовна. Мен таңдауыммен қателеспедім, деп ойлаймын. Себебі сол кісімен пікірлескеннен кейін МВА бағдарламасында білім алуға қатысты шешім қабылдадым.  

– Экомаркеттерді ашуға байланысты Сіздің жобаңыз бүгінгі күні отандық нарықта қаншалықты сұранысқа ие екенін айтып өтсеңіз?

– Бүгінгі күні қазақстандықтардың тамақтану ас мәзірінде аса пайдалы емес, тіпті зиянды да құрамдары бар көптеген тамақтану өнімдері кіреді. Кәсіпорынды ашудағы басты мақсат экологиялық таза қауіпсіз өнімді (ГМО-сыз) шығару болып табылды. Біздің өнім халық арасында анағұрлым сұранысқа ие, әрі өзінің тұрақты сатып алушылары да бар екенін айтқым келеді.  

– Сіздің болашаққа қатысты кәсіби жоспарларыңыз қандай?  

– Республикалық көлемдегі бизнес-жобаларды дамыту және халықаралық деңгейге шығу. Бүгінгі күні көптеген бизнесмендер белгілі бір материалдық мәртебеге жеткеннен кейін интеллектуалдық мағынадағы дамуы төменгі деңгейде болатын тәуекел аймағына түсуі мүмкін. Бірақ олардың көбісі мықты тұғыр бар жерде ғана олардың өздері армандамаған биіктерді бағындыруға болатынын біле бермейді. Дамыған мемлекеттердің үрдісі батыстағы ауқымды бизнеспен бәсекелесу үшін және жетілдіріру үшін қосымша мүмкіндіктерді аша отырып, жаңа нарықты игеруде бизнеске басқа қырынан келу керек екенін көрсетіп отыр.

Мен «Сарыарқа» Ассоциациясының он мүшесін қоса алғанда барлық білім алушылар менің КАЗГЮУ Университетіндегі МВА бағдарламасындағы оқуға қатысты менің ойыммен толықтай келіседі деп сенемін.

Мен кәсіпкерлердің көбісін әскерлік әкімгершілік магистрі дәрежесін алу ойымен қызықтыруға тырысудамын. Себебі тек сапалы білім ғана біздің елде бәсекеге қабілетті бизнесті құрайтын керемет сананы оятады. КАЗГЮУ-дегі МВА бағдарламасының барлық мамандарына, олардың қатарында Қазақстанда жалпы бизнесті жүргізу деңгейін жоғары дәрежеге жеткізуге тырысып жатқан оқытушыларға ерекше алғыс айтқым келеді.

Динара АРХАРОВА
Тел.: + 7 (7172) 70-30-30;
d_archarova@kazguu.kz

Поделиться с друзьями: