5 шілдеде дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімі өтеді

Құрметті түлектер!

Сіздер білім теңізіндегі ауыр жүкті көтере, абыроймен шыға отырып, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ түлегі атағын иеленуге әбден құқылысыздар!  

Біз Сіздердің еліміздің дамуы мен гүлденуі жолында бар күштеріңізді сала отырып, біздің Университеттің үздік дәстүрлерінің лайықты жалғастырушылары болатындарыңызға сенімдіміз.

5 шілдеде сағат 18.00-де Фемида алаңында дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімі өтетінін қуана хабарлаймыз.  

Дипломдарды тапсыру – ең жарқын, әрі ерекше есте қаларлық шара.  Сізді көптеген құттықтаулар, ресми рәсім мен мерекелік концеррт күтуде.

Біз Сіздерді, ата-аналарыңыз бен достарыңызды осы салтанатты тапсыру рәсімін көруге шақырамыз!

20 маусымнан 4 шілдеге дейін КАЗГЮУ Университеті Акт- залында мантияларды беру өткізіледі (қажетті құжат жеке куәлік, уақыты: 15.00-18.00).

Поделиться с друзьями: