Қазақстанда ЖОО түлектеріне меншікті үлгідегі дипломдарды табыстау басталды

 

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Бизнес мектебінің түлектері жаңа үлгідегі дипломдар иегерлері болды. Халықаралықс және ұлттық аккредитациялаған рейтингілік агенттіктердің өкілдері IQAA, ACCA, БСҚТҚА және т.б. мойындауы отандық ЖООға бірінші болып меншікті үлгідегі дипломдар мен сертификаттарды 2016 жылдан бастап шығару құқығын ұсынды.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Бизнес мектебінің түлектері меншікті үлгідегі дипломдардың бірінші иегерлері қатарында болды. Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Rixos Astana Hotel» мейманханасында өтті. Рәсімге тыңдаушылар, олардың туғандары, оқытушылар мен ЖОО қызметкерлері, «Самрұқ-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ және т.б. бірқатар ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

«Дәлелденген халықаралық және ұлттық аккредитациялар мен аттестациялық сертификаттарға ие бола отырып, КАЗГЮУ болашақта да білім беру қызметінің сапасы мен академиялық еркіндікті сақтауды ниет етеді», – деп атап өтті «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Надежда Коробко, түлектердің салтанатты рәсіміндегі өзінің құттықтау сөзінде.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебі бизнес-білім беруде жаңа бағыттарды белсенді дамытуда. Ағымдағы жылы іскери әкімгершілік магистрі дипломын 66 адам алды, олардың арасында мұнайгаз саласының өкілдері – 17 түлек, денсаулық сақтау саласындағы топ-менеджерлер – 14, сонымен бірге елдің банк ісі мен қаржылық құрылымдарының өкілдері бар.

Еске сала кетейік, түлектерге жаңа үлгідегі диплом беру тәртібі ҚР БҒМ-ның соңғы өзгерістеріне сай Қазақстанда 2021 жылдан бастап ендіріледі. Меншікті дипломдарды әлемнің атақты ЖООлары береді. Ал Қазақстан үшін, жоғары білім саласындағы сарапшылардың пікірінше, олар сапалы білімнің кепілі, ЖООлар арасындағы бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші, клиенттер алдындағы жауапкершілік нормасы мен айқын және адал білімге қатысты бағдар бола алады.

Фото-отчет.

Поделиться с друзьями: