КАЗГЮУ-дің белсенді оқытушылары құрмет грамотасымен еленді!

КАЗГЮУ-дің оқытушылары ұйымдастырушылық жұмыстарда жоғары жауапкершілік пен үздік нәтижелер көрсете білді.  Жоғары оқу орнының қоғамдық өміріндегі тікелей белсенділігі үшін Университет қызметкерлері мен оқытушылары ЖОО басшылығымен лайықты бағасын алды. Кәсіби бағдарлы жұмыстары үшін, КАЗГЮУ-дің ішкі және сыртқы беделін арттыру мен дамытуда Университеттің жекелеген қызметкерлері құрмет грамотасымен марапатталды.

Алғыс марапатының иегелерлері: Дауленов Мирас Мухтарович, Фаизова Рената Сергеевна, Мади Амангельдиевич, Қоғамов Марат Шекішұлы, Каудыров Толеш Ерденович, Абылайулы Абай, Пен Сергей Геннадьевич, Серикбаев Абзал Мухаметжанович, Санникова Наталья Геннадьевна, Ахметтаева Свет Сейфуллаевна, Мукатаева Лeпуда Каримовна.

Қазіргі кезде КАЗГЮУ бірқатар жобаларда ЖООны қоғамдық ортада танымал ету мақсатында, жоғары кәсіби біліктілікті оқытушыларды таныту үшін БАҚ өкілдерімен және серіктестерімен белсенді ынтымақтастығын жалғастыруда.

Ұжымның ынтымағы мен бірлігі ортақ мүдде жанында тоғысқаны қазақстандықтарға сапалы да қолжетімді білім беру сияқты ЖООның ортақ миссиясына жетуге ықпал ететінін сеніммен айтуға болады. КАЗГЮУ-дің жағымды беделін арттыруға бағыттала отырып, жұмылдырылған ортақ жігер-күш оның Қазақстанда да, сыртта да заң саласында жетекші оқу ретіндегі орнын орнықтыра түсетіні анық. Бұл университеттің табысты дамуына, отандық және шетелдік халықаралық серіктестерімен ынтымақтастықты бекіте түсуіне ықпалдасады.

Осы орайда, мүмкіндікті пайдалана отырып, құттықтауларға қосыламыз және өздерінің негізгі жұмыстары – оқытушылық қызметіндегі тығыз жұмыстарына қарамастан PR  және маркетингілік жобаларға белсенді қатысқаны үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз! Жаңа жетістіктерге жетіп, шығармашылық жоспарлардың іске асуына тілектеспіз!

Поделиться с друзьями: