«STARTUP «BOLASHAK» стартап-жобалар байқауы

Жүлде қоры 30 миллион теңгеден жоғары «Startup «Bolashak» стартапжобалары байқауының екінші маусымы басталды

«Болашақ» Қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Қауымдастыңтың қабылданған 2017 жылға дейінгі даму стратегиясында жас бизнесмендердің бастамаларына ерекше назар аударылған. Осы жылы енді ғана істерін бастаған кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін, олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту және бизнес-әлеуеттерін жүзеге асыру мақсаттарында бірқатар ірі жобалар қолға алынатын болады.

Бүгін, 28 шілдеде, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» Қауымдастығының Кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының Басқарма Төрағасы Қаныш Тулеушиннің қатысуымен пресс-конференция өтті.

Ережеге сәйкес, байқауға Қазақстанның әр түкпірінен жасы 18-ден 29-ға дейінгі  жастар қатыса алады.

Стартап жобаларының байқауы I-орын үшін – 7 млн теңге, II-орын үшін – 6 млн теңге және ІІІ-орын үшін 5 млн теңге көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін бөлген қаржысы аясында 15 млн теңге грант береді.

Бұдан басқа, ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция және «Даму» қорынан қолдау ала алатын болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» қорының барлық өңірлерде кәсіпкерлер үшін ашылған қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды (төменде қараңыз).

Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында аңықталатын болады.

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 20 ең қызықты бизнес-жобасын таңдап алады. Идеялардың авторлары өздерінің кәсіпкерлік құзыретін арттыруына бағытталған оқыту бизнес-тренингтерден өтеді.

Екінші кезеңде 10 үздік жобаға бизнес-жоспарын әзірлеуге жол беріледі және оларға кеңесшілер мен кәсіби менторлар қолдауын көрсететін болады.

«Startup «Bolashak» байқауының Республикалық телеарналардың бірі реалити-шоу форматында көрсететін болады.

«Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

«Startup «Bolashak» байқауында жеңіске жетуге баршаның мүмкіндігі бар. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – жақсы стартап жобасы және өз бизнесін құруға деген ынта», – атап айтты «Болашақ» Қауымдастығының Кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының Басқарма Төрағасы Қаныш Тулеушин.

 

Байқау туралы Ереже (жүктеп алыңыз).

Байқауға қатысуға өтінім (PDF жүктеп алыңыз, Word жүктеп алыңыз).

Байқаудың әріптестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «Даму» Қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы.

Демеушілер: «KazInvestBank» АҚ пен «Qazaq Banki» АҚ.

Қосымша ақпарат: 8 (7172) 707-669.

Төмендегі мекен-жайлар бойынша өңірлерде орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына барып өтінім тапсыруға  және консультация алуға болады:

Астана

010000, Астана қаласы, Алматы ауданы,  Қажымұқан көшесі, 8а

Тел.: +7 (7172) 55-91-99, 55-94-34

факс: +7 (7172) 68-59-62

Алматы

050004, Алматы қаласы,  Гоголь көшесі, 111

тел.: +7 (727) 244-55-66, 244-55-77

факс: +7 (727) 278-07-76 (ішкі 3100)

Ақмола облысы

020000, Көкшетау қаласы,  Ақан Сері көшесі, 46 А/1

тел.: +7 (7162) 55-11-16, 55-11-18, 55-11-19, 55-11-21

факс: +7 (7162) 33-38-67

Актөбе облысы

030019, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр д-лы, 51/1

тел.: +7 (7132) 70-38-08, 55-24-36

факс: +7 (7132) 55-24-35

Алматы облысы

040000, Талдықорған қаласы,  Төлебаев көшесі, 86

тел.: +7 (7282) 24-24-30, 55-87-10

факс: +7 (7282) 24-17-27

Атырау облысы

060005, Атырау қаласы, Азаттық д-лы, 17

тел.: +7 (7122) 55-81-01

факс: +7 (7122) 35-46-51

Шығыс Қазақстан облысы

070019, Өскемен қаласы, Жеңіс д-лы, 6

тел.: +7 (7232) 56-05-93, 56-05-91, 56-05-90

факс: +7 (7232) 25-11-12

071400, Семей қаласы, Абай алаңы, 5

тел.: +7 (7222) 60-00-50, 52-01-59, 60-00-57

Жамбыл облысы

080000, Тараз қаласы,  Желтоқсан көшесі, 94

тел.: +7 (7262) 99-94-70, 99-94-71, 99-94-72

факс: +7 (7262) 54-11-51

Батыс Қазақстан облысы

090000, Орал қаласы,  Масин көшесі, 67/2

тел.: +7 (7112) 93-34-54, 93-34-53

факс: +7 (7112) 93-34-50

Қарағанды облысы

100026, Қарағанды, Құрылысшылар д-лы, 4

тел.: +7 (7212) 55-90-20

факс: +7 (7212) 40-09-69

Қостанай облысы

110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби д-лы, 65

тел.: +7 (7142) 99-03-00, 99-03-05

факс: +7 (7142) 53-23-98

Кызыл Орда облысы

120001, Қызыл Орда қаласы,  Иван Журба көшесі, 12

тел.: +7 (7242) 55-11-12, 55-11-18

факс: +7 (7142) 53-23-98

Маңғыстау облысы

130000, Ақтау қаласы, 16-шағын ауданы,

«Қайсар» Бизнес орталығы

тел.: +7 (7292) 70-10-51

факс: +7 (7292) 30-43-04

Павлодар облысы

140000, Павлодар қаласы,  Короленко көшесі, 109

тел.: +7 (7182) 70-38-09,70-38-10

факс: +7 (7182) 20-83-53

Солтүстік Қазақстан облысы

150000, Петропавл қаласы,  Жабаев көшесі, 191

тел.: +7 (7152) 55-98-10, +7 (7152) 55-98-12

факс: +7 (7152) 55-98-11 (ішкі 3810), (3800)

Оңтүстік Қазақстан облысы

160023, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы,

Рысқұлов көшесі, 8 А

тел.: +7 (7252) 28-32-90, 99-70-49

факс: +7 (7252) 41-75-67

161200, Түркістан қаласы,  Қожанов көшесі, 7

тел.: +7 (7252) 99-70-49 (ішкі 3956)

Анықтама:

«Startup «Bolashak» конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қауымдастықтың 15-жылдығына арналған «Болашақ» Қауымдастығының  «25 Қайрымды Іс» жобасының аясында бизнес ортасын дамыту бағытында өткізіледі.

Жоба 8 бағытты қамтиды: бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту «Болашақ» Қауымдастығы 2015 жылы қабылдаған Даму Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі. Бұл қатарда сондай-ақ білім трансфері, қайрымдылық және саламатты өмір салтын насихаттау көрсетілген.

bolashak.kz

Поделиться с друзьями: