КАЗГЮУ ТҮЛЕКТЕРІ МАҚСҰТ СҰЛТАНҰЛЫ НӘРІКБАЕВҚА ФИЛЬМ АРНАДЫ

«Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев – көптеген фильмдер мен телебағдарламалардың бас кейіпкері болған Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық қайраткері. Өз өмірінің бестен бір бөлігін ол еліміздегі заң білімінің көшбасшысы аталған КАЗГЮУ Университетінің қалыптасуы мен дамуына арнаған. Осы жолы Мақсұт Сұлтанұлы туралы онымен кезінде бірге жұмыс істескен әріптестері, университет түлектері мен студенттері әңгімелейді…» – деп «Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. Көктем» атты жаңа деректі фильмінің сипаттамасында жазылған, ал бүгін бұл фильм жұрттың назарына  ұсынылады.

Бұл фильмде КАЗГЮУ Президенті туралы өз естеліктерімен және орын алған қызықты сәттер туралы КАЗГЮУ-дың түлектері мен қызметкерлері бөлісуде, олардың арасында  Диляра Әленова (2015 жылы КАЗГЮУ түлегі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы), Жанна Байсеитова (2011 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ Эндаумент қорының директоры), Ақылбек Үсенов (2013 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ Білім алушыларды қолдау орталығы директорының орынбасары), Дәурен Нурудилов (2014 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ Білім алушыларды қолдау орталығының қызметкері), Жандос Серіков (2016 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ HR-бөлімінің қызметкері), Аржан Садуакасов (2016 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ Жалпы білім беретін пәндер мектебінің қызметкері) және Зухра Жакенова (2015 жылғы КАЗГЮУ түлегі, КАЗГЮУ интернет-жобаларының менеджері).

Фильм авторлары КАЗГЮУ түлектері Жалғас Азғанбаев  және Жандос Серіков фильмді шығару бойынша жұмыстың бір ай бойы жүргізілгенін белгілейді.  Фильм мақсаты ретінде олар университеттің жаңадан түскен студенттеріне Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен КАЗГЮУ Университетін дамытудағы рөлінің маңыздылығы туралы  ақпарат беру болды деп айтады.

Еске сала кетейік, былтыр 2000 жылдың 28 шілдесінен бастап Университет президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, ректоры лауазымдарында КАЗГЮУ Университетінің ұжымын басқарған М.С. Нәрікбаев дүниеден озды.

Фильм авторлары www.kaztube.kz ұлттық бейне-порталына және КАЗГЮУ Университетіне фильмді шығаруда көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреді.

Поделиться с друзьями: