КАЗГЮУ-да «Студенттерге арнау» шарасы өтті

Кеше «Қазақстан» орталық концерт залында еліміздің студенттік қауымы асыға күткен шараларының бірі «КАЗГЮУ студенттеріне арнау – Фемиданы таңдау-2016» жыл сайынғы салтанатты іс-шарасы аяқталды.

КАЗГЮУ Университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев бірінші курс студенттерін жаңа мәртебеге ие болғанымен құттықтап, білім ордасының кейбір жетістіктерімен бөлісті:

«КАЗГЮУ Қазақстандағы заңгерлік және экономикалық білімнің жетекші оқу орны болып қалуда, ал шетелдегі жұмыс берушілер біздің дипломдарды мойындауда. 1994 жылдан бері Университет 30 мыңнан астап кәсіби маман даярлады. Оқу орнымыздың басшылығы, олардың білім ордасының қалыптасуы мен дамуына қосқан ортақ үлесі арқасында біз биік белестерді бағындырған түлектерімізді мақтан тұтамыз. Мен бірнеше мысал ғана келтіргім келеді –  Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, «Қазатомпром» Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев, танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев – бұлардың барлығы біздің түлектер және КАЗГЮУ мектебінен өткен».

Айта кетерлік, көптеген түлектер «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының демеушілері ретінде шығып, өз университетіне қолдау көрсетуде. Осылайша, «Болашаққа апарар жол» әлеуметтік жобасы аясында осы салтанатты шара барысында Т.Нәрікбаев «SOS Астана балалар ауылы» бұрынғы тәрбиеленушілері, ал қазір бірінші курста оқып жатқан екі студентке білім беру гранттарын табыстады.

Сондай-ақ осы кеште студенттерді арнайы шақырылған қонақ КАЗГЮУ-дың құрметті бірінші ректоры Еркеш Нұрпейісов құттықтады. Ол заңтану саласындағы білікті кадрларды даярлау арқылы елімізде құқықтық процестерді дамыту маңыздылығын белгіледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша арнау рәсімінде КАЗГЮУ-дың жаңа Фемидасы сайланды. Осы жоғары атақ КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебінің 3-курс студенті, қаржы саласының болашақ маманы Ботагөз Қанашеваға бұйырды.

Салтанатты шараға ҚР Мәжілісі Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, елордадағы жоғары оқу орындарының ректорлары, ұлттық және халықаралық компаниялардың әріптес-басшылары, қазақстандық экстраданың жұлдыздары, студенттер мен олардың ата-аналары, профессорлық-оқытушылық құрам, Қазақстанның жетекші масс-медиа өкілдері қатысты.

Поделиться с друзьями: