КАЗГЮУ Университетінде ашық есіктер күні

2016 жылдың 26 қарашасында КАЗГЮУ Университеті болашақ талапкерлерге өз есігін айқара ашты. Астаналық мектеп-гимназиялары мен лицейлерінің түлектері студенттік өмірмен танысып, оқу бағдарламалары жайында хабардар болды және жаңа дос тапты.

Бұл шара аясында университетте экскурсия ұйымдастырылды, одан кейін маркетинг бөлімі мен жоғары мектептің өкілдері КАЗГЮУ Университетінде оқу артықшылықтары жайында баяндап, презентацияны өткізді. «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық зияткерлік эссе сайысын өткізу мерзімі және оған қатысу шарттары туралы ақпарат ұсынылды.

Әрі қарай мектеп оқушылары Қазақстан тарихы, математика және шетел тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындаған болатын. Өз білімін тексеріп, балалар нысаналы факультеттерге бөлініп, ЭЖМ және ҚЖМ оқытушылары өткізген шебер-сыныптарға қатысты. Оқытушылардың талапкерлермен кездесуі ашық диалог нысанында өтті, талапкерлер сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен алмасты.

Жалпы, Ашық есіктер күні жоғары деңгейде өткен. Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді, себебі осы шараның арқасында олар қызығушылық тудырған мамандықтар бойынша бүкіл ақпаратқа ие болды.

Поделиться с друзьями: