КАЗГЮУ Түлектері қауымдастығының президенті Нұрлан Өтешев болды

Бұл жөнінде бір күн бұрын КАЗГЮУ Университетінің тарихында алғашқы рет Түлектер қауымдастығы құрылтайшы конференциясының мәжілісі барысында белгілі болды, Алматы қаласында өткен осы жиналысқа білім ордасының түлектері, Қазақстанның танымал ғалымдары, заңгерлері мен кәсіпкерлері атсалысты.

Конференцияда «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Түлектер қауымдастығының кейінгі қызметі талқыға салынды. Бірауыздан қабылданған шешіммен жаңа ұйымның жарғысы қабылданып, жетекшісі сайланды. Нәтижесінде ұйым жетекшісі КАЗГЮУ түлегі, экс-проректоры, Қазақстанның танымал қоғамдық қайраткері, қазіргі уақытта «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын» басқарып келе жатқан Нұрлан Өтешев болды.

Болашаққа міндеттерді айқындап, Нұрлан Өтешев Қауымдастықтың қызметі Университет түлектерін Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде нығайту бойынша саяси бағдары айналасында біріктіруге бағытталатындығын белгіледі.

«Біз құқықтық сана мен құқықтық тәртіпті арттыруға, заңгерлердің құқықтық қызметін нығайтуға, жұртшылықтың назарын отандық құқықтық саланы дамытудың өзекті мәселелеріне аударуға бар күшімізді саламыз», – деп белгіледі Қауымдастық Президенті.

Оның айтуынша, жуырда Қауымдастық мүшелері Қазақстанның өңірлерінде ұйымның филиалдарын және шетелде өкілдіктерді ашу бойынша жұмысты жүргізеді, сондай-ақ Қауымдастықтың Қамқорлық кеңесі мен Атқарушылық комитетін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды зерделеуді жоспарлайды.

Одан басқа, Қауымдастық мүшелері заңгерлердің арасында барлық деңгейлерді ынтымақтастықты дамытуды, заң ғылымы, білімі мен тәжірибесі арасындағы байланыстарды нығайтуды, өз мүшелерінің белсенді кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жағдай жасауды жоспарлайды.

Алғаш рет КАЗГЮУ Түлектерінің қауымдастығын құру туралы идея Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және заң білім ордасының 22-жылдығына орайластырылған, Түлектердің 2016 жылы кездесуі барысында жарияланды.

Поделиться с друзьями: