TEDxKAZGUU алғашқы конференциясы

18 желтоқсан күні КАЗГЮУ Университетінде TEDxKAZGUU алғашқы конференциясы өтті. Конференция барысында алты қазақстандық және екі шетелдік спикер өздерінің тың идеяларымен бөлісті!

1984 жылы АҚШ-та құрылған TED нысанындағы конференция қазір әлемнің көптеген қалаларындағы жаңа идея мен шабытқа зәру адамдарды біріктіруде.

Осы жылдың TEDxKAZGUU тақырыбы – «Өзіңе басқаша қара». Осы тақырыпқа қатысты өз пікірлерін жанжалтану және медиация бойынша бизнес-жаттықтырушы Шырын Иранбековна, салыстырмалы әдебиеттану саласындағы доктор Идрис Чакмак, НЗМ ағылшын тілі мұғалімі Жанель Болатовна, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы және онлайн-баспа директоры Әлкей Марғұланұлы, AIFC басқарушы директоры Саясат Нұрбек және Университет мақтанышы Жалғас Азғанбаев білдірген болатын.

Поделиться с друзьями: