«Тәуелсіз Қазақстан» эссе байқауы

Поделиться с друзьями:

Плакат_кз

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылы КАЗГЮУ Университеті мектеп түлектерінің арасында «Тәуелсіз Қазақстан» атты байқау өткізеді.

Интеллектуалдық эссе байқауы дарынды жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Оның негізгі идеясы – мектеп оқушыларына еліміздің әйгілі университетінде тегін әрі сапалы білім алу мүмкіндігін ұсыну.

Байқауға қатысушылар 2017 жылдың 10 ақпанына дейін тапсырылған тақырып бойынша қазақ не орыс тілдерінде эссе жазып, КАЗГЮУ Университетінің ресми сайтында сауалнаманы толтырып, сілтеме бойынша жазған эссені қоса тіркеуге немесе толтырылған сауалнама мен эссені Esse@kazguu.kz поштасына жіберуге тиіс. Конкурс жеңімпаздарына бес грант бөлінді.

Байқау шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

«Тәуелсіз Қазақстан» эссе байқауының ережесі

Анкета участника