КАЗГЮУ Университеті және Халықаралық құқықтық зерттеулер орталығы (АҚШ) Ынтымақтастық туралы шарт жасасты

2016 жылдың 12 желтоқсанында КАЗГЮУ Университеті және Халықаралық құқықтық зерттеулер орталығы (АҚШ) Ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Осы ынтымақтастық төңірегінде студенттерімізге сабақ беретін АҚШ-тың танымал заңгерлері келуі жоспарланады.

Халықаралық құқықтық зерттеулер орталығы (CILS) коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, дайындаушы институт болып табылады және құқықтық мақалаларды жариялайды, бұл ұйым Аустрияда құрылып, сол елдің заңнамасына сәйкес қызмет етеді. Оның халықаралық штаб-пәтері Аустрияның Зальцбург қаласында орналасқан. Орталық 1976 жылдан бері жұмыс істейді. Халықаралық-құқықтық зерттеулер орталығының басты мақсаты халықаралық заң қауымдастығының мүшелері арасында ақпаратты таратуға көмектесу болып табылады.

Поделиться с друзьями: