Озат студенттер үшін КАЗГЮУ-дың эксклюзивтік бағдарламасы

Қазіргі уақытта КАЗГЮУ-дың озат студенттері – «КАЗГЮУ Университеті» АҚ және «Франция-Қазақстан» қауымдастығы арасындағы ғылыми-танымдық ынтымақтастық аясында эксклюзивтік бағдарламаның қатысушылары шетелдік тәжірибені зерделеу мақсатында Еуропада оқып жатыр.

Нақтырақ айтқанда, 13 – 22 қаңтар аралығында КАЗГЮУ студенттері Брюссель, Амстердам, Кельн және Люксембург қалаларына баруды жоспарлайды. Сапар барысында студенттер ЮНЕСКО кеңсесіне де барып үлгерді, онда олар ISC – Paris Business school дәріске қатысты. Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ эксклюзивтік бағдарламасы арнайы әзірленген тиімді оқу әдістемесі бойынша оқытуға арналған. Бағдарлама міндетті түрде шет елдерге сапарларды және әлемдік қауымдастықтың компанияларымен және танымал оқу орындарымен кездесулердің көздейді.  

Поделиться с друзьями: