КАЗГЮУ өкілі елде өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Төлеш Ерденұлы Қаудыров кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.

Шара барысында Елбасы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының дәйекті әрі жүйелі кезеңі болып табылатындығын белгіледі. Жұмыс тобының мүшесі Төлеш Қаудыровтың айтуынша, осы жұмыстың ең бастысы – әрбір биліктің тармағына лайықтысын қалдырып, бір-біріне қайшы өкілеттіктерді алып тастау. Ол, меніңше, жалпы екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші жолы – заңдарға өзгеріс енгізу, екінші жолы – Конституцияға өзгерістер енгізу. Әрине, бұл өте түбегейлі түзетулер болады деп ойлаймыз. Президенттің биліктер арасында бірлікті сақтау және еліміздің тәуелсіздігінің кепілдікте болу функциясы, соған қатысты сұрақтар Президенттің құзырында қалады. Күнделікті жұмыс, күнделікті жұмыстарды ұйымдастыру Үкіметке, Парламентке, жергілікті билікке бекітіледі.

Поделиться с друзьями: