КАЗГЮУ түлегі Батыс Қазақстанда басшы лауазымға тағайындалды

Ермекқали Әлібек Атырау облысы әкімінің аппарат басшының орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Ермекқали Әлібек еңбек жолын оқуын бітіре салысымен АХАЖ бөлімінің маманы лауазымынан бастады. Одан кейін авторлық және сабақтас құқықтар бөлімінде жұмыс істеген, кеңесші, бөлім бастығы, Тәртіптік Кеңес хатшылығының меңгерушісі, Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Соңғы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. ҚР Мемлекеттік қызметі істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.  

Поделиться с друзьями: