КАЗГЮУ Университеті Туриба Университетімен (Латвия) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2017 жылдың 17 қаңтарында КАЗГЮУ Университеті Латвияның Туриба Университетімен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оған сәйкес біздің студенттер академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқи алады, ал университет қызметкерлері тағылымдамадан өтіп, тәжірибемен алмаса алады. Бұл келісім Университет басшылығы 2016 жылдың қазан айында Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі Анита Вахере-Абражуне ханыммен кездескеннен кейін Латвияның Білім министрлігінің ұсынысы бойынша жасалды. Латвияның үкіметі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу бағдарламалары аясында студенттерімізге стипендиялық қолдауды ұсынады.

Поделиться с друзьями: