КАЗГЮУ-да Open Room ашылды

Бүгін КАЗГЮУ ректоры Т. Нарикбаев Университет студенттерінің, қызметкерлері мен әріптестерінің іскерлік уақытына арналған жаңа Work Zone тұсаукесерінің рәсіміне қатысты.  

Талғат Мақсұтұлы өзінің алғы сөзінде Университеттің әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіру жөніндегі  миссиясы жайлы айтып, студенттердің жаңа білімді игерудегі ынта-жігерін және КАЗГЮУ оқытушыларының бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы еңбегін айрықша белгіледі.

Сонымен бірге, Ректор жастарды сапалы оқыту үшін қажетті жағдайды жасау бойынша мақсатқа бағытталған жұмысты жалғастыруға уәде берді. Open Room шағын семинарлар мен жиналыстардан бастап іскерлік келіссөздерге дейін кез келген нысандағы іс-шараларды өткізу үшін 6 жабдықталған бөлмесі бар жайлы жұмыс аймағы.

Келушілердің ыңғайына тегін WiFi, жайлы жиһаз, Led экрандар, заманауи компьютерлер, арнайы жабдықталған ортақ және шағын орындар, бұл жерде қонақтардың сөйлесуге, жұмыс істеуге немесе топтық не жеке қызметі үшін уақытты тиімді пайдалануға барлық мүмкіндіктері жасалған.  

Поделиться с друзьями: