КАЗГЮУ Университетінің студенттері АҚШ-та оқитын болады

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Қазақстанның төрт азаматына АҚШ-та оқу және “Әйелдер және көшбасшылық” бағыты бойынша “Студенттер үшін АҚШ зерделеу институты” 5-апталық бағдарламадан өту мүмкіндігі бұйырғанын қуана хабарлайды. Айта кетерлік, АҚШ-қа аттанатындардың ішінде 2 студенті КАЗГЮУ Университетінде оқиды. Дәлірек айтқанда, Латышева Жанна (Аударма ісі, 3-курс) және Сабырова Айым (Халықаралық құқық, 3-курс)  2017 жылдың маусым айында АҚШ-қа жол тартады. Студенттерімізді осындай биік нәтижемен құттықтаймыз. Бағдарлама бойынша барлық шығындарды АҚШ елшілігі өтейді.

Поделиться с друзьями: