КАЗГЮУ студенттерінің Қазақстанның оңтүстігіне экскурсиялары

Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде “КАЗГЮУ Университеті” АҚ студенттерінің Қазақстанның тарихи-мәдени орталықтарына дәстүрлі экскурсиялық сапарлары басталады.

Осы жылы студенттер Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларына барып, Оңтүстік Қазақстан бойынша экскурсиялық сапарды жоспарлайды.

Бұл шараны КАЗГЮУ-дың Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық мектебі ұйымдастырды.

Аталған экскурсия университеттің игі дәстүріне айналды және тарихи орындарға барып, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу процесінде студенттердің практикалық тәжірибеге ие болуына негізделген студенттердің жаңа білім беру әдістемесін енгізуге бағытталған. Бұл оқу бағдарламасын тиімді меңгеруге оң септігін тигізеді.
Бұл жобаның ұзақ мерзімді сипаты бар және бәрінен бұрын, жастар арасында отандық мәдениет пен тарихты танымал етуге, өскелең ұрпақтың қазақ халқының құндылықтарына, салт-дәстүрлері мен сәулет ескерткіштеріне деген отансүйгіштігін тәрбиелеуге бағытталған.

Поделиться с друзьями: