КАЗГЮУ Университетінің студенттері үшін бірегей мүмкіндік

Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен Method бағдарламалау мектебі Қазақстанның ең үздік компанияларында methodpro – жазғы ІТ-тағылымдамаға қатысуға студенттерді қабылдауда. Methodpro Астана қаласында КАЗГЮУ Университетінде үстіміздегі жылдың 12 маусым – 12 тамыз аралығында өтеді.

ІТ саласының мамандары мен мамандары еместер үшін жазғы IT “methodpro” мектебінде оқу курсы мыналарды қамтиды:

Бағдарламалау және бизнес бойынша тегін сабақтар айы;

Тәжірибе айы – нақты бизнес-кейстерді шешу;

Ақшалай сыйлықтар және Қазақстанның ең үздік компанияларына жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Жазғы тағылымдама – білім мен тәжірибеге ие болуға және тамаша карьералық өсуді қамтамасыз етуге, жаңа достармен танысу және ақша табуға керемет мүмкіндік.

Басқа қалалардан студенттерге бағдарламаны өткізу уақытына қарай баспана беріледі және жолақысы төленеді.
Егер Сіз бағдарламалау дағдылары мен ІТ саласы өзіңізге жат деп санайтын болсаңыз, мына видеоны көруге ұсынамыз.
Тіркелуге мына сілтеме бойынша тек 31 мамырға дейін болады.

Оқу курсын табысты тәмәмдаған барлық КАЗГЮУ Университетінің студенттеріне Method мектебі мен КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі Ақпараттық технологияларда қосымша мамандану бағдарламасынан өткені туралы сертификатқа ие болады.

Поделиться с друзьями: