КАЗГЮУ-дың екі жүзден астам курсанты ант қабылдады

Өткен сенбіде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ әскери кафедрасының курсанттары әскери ант қабылдады.

Биыл Университет ант қабылдау рәсімін Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 25-жылдығына орайластырғанын атап өткен жөн.

Алғаш рет әскери кафедрада «Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқыған қыздардың ант қабылдағаны осы жылғы іс-шараның ең басты ерекшелігі болды. Жалпы 211 курсант, оның ішінде 27 қыз бала ант етті.

Салтанатты рәсім барысында түлектерді ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, запастағы генерал-майор Марат Нагуманов, ҚР ҚК Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгуль Тулембаева, оқу кезінде үздік нәтиже көрсеткен қыздар взводының командирі Мөлдір Кәнісова құттықтады.

Олар курсанттарға ақ жол тілеп, алған білім мен дағдыларды Отанға адал қызмет ету мақсатында пайдалануға тілек білдірді.

Поделиться с друзьями: