ШКО мектеп оқушылары КАЗГЮУ-ға қонақтап келді

КАЗГЮУ Университетіне Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы мектептерінің 63 оқушысы келді. Елордаға 3-күндік сапар аясында оқушылар еліміздің заңгерлік және экономикалық кадрларын даярлау саласындағы ең танымал жоғары оқу орнына баруға ниет білдірді. Қонақтарды КАЗГЮУ-дың Маркетингтік талдау және зерттеулер бөлімінің өкілдері қарсы алды.

Кездесу барысында болашақ талапкерлер қызықты оқиғаларға толы студенттік өмірмен танысты. Мектеп оқушыларына М.Нәрікбаев атындағы кітапхана, криминалистикалық полигон, Қысқы бақ, Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы, сот мәжілістері залы, Теңге және Үш би аудиториялары, сондай-ақ КАЗГЮУ Ғылыми кеңесінің залы және студенттік фитнесс-зал көрсетілді.

Сондай-ақ оқушылар түлектердің кәсіби деңгейінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету секілді ең басты қағидаға сүйенетін КАЗГЮУ-дың стратегиялық саясаты жайында, білім ордамыздың Еуропаның заң оқу мекемелерінің жыл сайынғы анықтамалығына енгізілген Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылатындығы, FIBAA, СIМА, IQAA, ACCA секілді халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерінің мойындағаны жайында хабардар болды. Одан басқа, жоғары оқу орнында 7 мамандық бойынша оқу ағылшын тілінде өтіп жатқаны, қаржы жағынан үздік оқуды көтермелеу туралы, ал дарынды жастарға ректордың гранттары берілетіні де айтылды.

Поделиться с друзьями: