«Нотариат туралы» ҚР Заңының 20-жылдығына орай

14 шілде күні «Нотариат туралы» ҚР Заңының қабылдануына жиырма жыл болды. Осы уақыт ішінде отандық нотариат жүйесі әділдік пен жауаптылық қағидаларына негізделетін ең маңызды құқық институттарының біріне айналды.

Өткен уақыт отандық заңнама мен қоғамдық өмірдің, еліміздегі заң жүйесін реформалаудың өзгеруімен белгіленді, бұл ретте азаматтардың Республикалық нотариат палатасы қамтамасыз ететін нотариаттық қорғалуы мызғымас болып қалуда. Азаматтық қоғам әрқашан РНП мамандарының жоғары біліктілігі мен заң сауаттылығы арқасында сапалы қызметтерді алады.

Республикалық нотариат палатасының КАЗГЮУ Университетінің бұрыннан бергі әріптесі болғандықтан, бұл оқиға білім ордасы үшін ерекше маңызды. Жемісті әрі тығыз ынтымақтастық нәтижесінде бірқатар жобалар іске асырылды. Оның ішінде – меморандумдарды жасасу, атаулы аудиторияның ашылуы, студенттік жастарды қолдау, бірлескен қайырымдылық іс-шараларын өткізу.

Поделиться с друзьями: