КАЗГЮУ Университетінің түлегі облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Руслан Сәкеев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Университет түлектерінің кәсіби табыстары КАЗГЮУ-дың “Сапалы әрі қолжетімді білім ұсына отырып, халыққа қызмет етеміз” деген жоғары миссиясының іске асырылғанын дәлелдейді. Университет басшылары Руслан Сәкеевті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және болашақта биік жетістіктерге жетуін тілейді.

Р. Сәкеев еңбек жолын 1999 жылы құқық оқытушысы болып бастаған. ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық реформалар комитетінде, Қарағанды облысының Ішкі саясат департаментінде қызмет атқарды. ҚР Әділет министрлігінде басшы лауазымдарды атқарды, ҚР БжҒМ “Техникалық және кәсіптік білімді жетілдіру” жобасының тобын басқарды, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Поделиться с друзьями: