Құрметті журналистер!

М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі телевизия, радио, баспа және интернет БАҚ тілшілері арасында Қазақстандағы білім жайында «THE BEST EDUCATION» шығармашылық байқауы туралы жариялайды.

Конкурс Журналистика күніне орай қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ тілшілері қатыса алады. Байқау мақсаты – жұртшылықтың назарын білім беру мәселелеріне аудару, тілшілердің біліктілігін арттыру және Қазақстан мен шетелде сапалы білім алу мүмкіндігі туралы хабарлау, М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі

туралы дәйекті ақпаратты тарату. Лауреаттарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаз шет елге саяхат секілді бас жүлдемен марапатталады.

Конкурста отандық БАҚ құралдарында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 20 маусымына дейін материалдар қаралады. Үміткерлер өтінімнің толтырылған нысанын және өз еңбектерін (скан-нұсқасы/жарияланған мақаланың сілтемесі/бейне-дыбыс жазба) pr@kazguu.kz, n_yessenaliyeva@kazguu.kz электрондық мекенжайына, сондай-ақ Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8 мекенжайы бойынша баспа және электрондық тасығыштарда жібере алады. Тақырыбында «БАҚ байқауына өтінім» көрсетіп, 2019 жылдың 20 маусымына дейін жіберу керек.

Конкурс біліктілік талаптарсыз бір кезеңді көздейді, конкурс соңында комиссия тіркелген қатысушылардың арасында жеңімпазды анықтайды.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау өлшемшарттары ретінде кәсіби шеберлік, материалдың өзектілігі, жанрға сәйкестік, баяндау жеңілдігі мен дұрыстығы анықталған.

Байқау қорытындысы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай 2019 жылдың 28 маусымына дейін шығарылып жарияланады. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдаудың соңғы күні — 2019 жылғы 20 маусым (қоса алғанда).

Өтініштер мына сілтеме бойынша қабылданады: Астана қ. анықтама үшін телефондар:

+7 (7172) 70-30-30 +7 (707) 75-75-002

Поделиться с друзьями: