Қазақстанның Конституция күніне арналған конференция

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған “Конституция және қоғам мен мемлекетті жаңғырту” атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Бұл шараға КАЗГЮУ Университетінің өкілдері де қатысуда.

Конференцияға қатысушылар мен шетел қонақтарын еліміздің Ата заң күнімен ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы И.Рогов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықова, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ. Мами, ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымов құттықтады.

Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіхалықованың айтуынша, Қазақстан Конституциясы заңдылық, келісім және еліміздің қарқын дамуының кепілі болып табылады. Еліміз бүкіл әлем бойынша ядроға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшысы ретінде танылған.

И. Рогов Конституцияның қазақстандықтарды шоғырландырудың құқықтық құралы ретіндегі рөлін белгіледі. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентінің өзі авторы болған, еліміздің конституциялық дамыту тұжырымдамасының арқасында Қазақстан мол жетістіктерге жетті.

30 тамыз күні КАЗГЮУ Университетінде конференцияға қатысушылар еліміздің бас құжатын және қазақстандық қоғамның құқықтық санасын жетілдіру процесін талқылауды жалғастырады.

Спикерлердің міндеттерін ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының қызметкерлері, бірқатар отандық жоғары оқу орындарының басшылары мен профессорлары, сондай-ақ Еуроодақ пен Ресей Федерациясынан келген қонақтар атқарады.

Поделиться с друзьями: