КАЗГЮУ-да Кувейт Мемлекетінің атаулы аудиториясы ашылды

          

Оқу жылы қарсаңында КАЗГЮУ-да Кувейт Мемлекетінің атаулы аудиториясы есігін айқара ашты. Жаңа дәріс залының ашылу салтанатына ҚР Әділет министрі, Кувейттің Білім министрі, шет елдерінің елшілері, дипломатиялық миссиялардың ресми өкілдері, КАЗГЮУ Университетінің басшылығы, студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кувейттің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аль-Фарадж Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан егемендігін алған сәттен бастап жалғасып келе жатқандығын белгілеп, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жоғары рөлін бағалады. Ол Ислам ынтымақтастығы ұйымы төңірегінде екі елдің өзара әрекеттесуі жалғасып, белгіленген мақсаттардың ортақ жетістігіне айналатындығына сенімді екенін білдірді.

Өз кезегінде, Кувейттің Білім министрі, доктор Мохаммад Абдулатиф Мохаммад Аль-Фарес атаулы аудиторияның ашылуы Кувейттің Қазақстандағы білім беру жобаларын іске асыруға қатысу ниетін білдіретінін хабарлады.  «Орныққан ынтымақтастық КАЗГЮУ үлгісінде білім беру қызметтерін ұсыну саласында Қазақстан көшбасшыларының қолдауын көздеп, өзінде орасан зор даму әлеуетін қамтиды. Біз білім беру саласындағы стратегиялық әріптес ретінде КАЗГЮУ Университетін белгіледік, себебі ол мемлекеттік емес ұйым бола тұрып және елдің бюджетінен өз дамуына дотациялар алмай, Қазақстандағы білім беру деңгейі бойынша көшбасшы болып қала беруде».

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев білім беру саласындағы жобаларды қоса алғанда, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың нығаятынына үмітін білдірді.

«КАЗГЮУ түлегі болғандықтан, осы жерде болуға қуаныштымын. Кувейт стилінде атаулы аудиториядағы сабақтар студенттерді бұл елдің мәдениетін зерделеуге түрткі болады деп ойлаймын. Ал бұл, өз кезегінде, екі мемлекеттің арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтеді, оның ішінде құқық қорғау саласында, себебі университет түлектерінің көпшілігі бұл саланың өкілдері болып табылады».

Кувейт Мемлекетінің аудиториясының жалпы алаңы 168 ш.м. құрайды. Бұл жөндеуден өткен ең ірі аудиторияларының бірі. Техникалық жабдықталуы, жайлы жиһаз, ішкі көріністің дизайны заманға сай жасалған.

КАЗГЮУ Университетінің Ректоры Талғат Нарикбаев Кувейттің Қазақстандағы Елшілігіне студенттерді қолдағаны үшін алғысын білдіріп, келешекте достық пен ынтымақтастықтың шын ниеттеріне сендірді. Оның айтуынша, университет міндеттерінің бірі – студенттерді әлем халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жайында хабардар ету.

Презентация аясында Кувейттің білім министрі Мохаммад Абдулатифке   «КАЗГЮУ құрметті докторы» атағы берілді. Кувейттің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аль-Фарадж және аудиторияны жөндеу жөніндегі бас инженер Эмад Мухтасиб Университет дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгінгі күні КАЗГЮУ-да университет әріптестерінің 8 атаулы аудиториясы қызмет етуде, оның ішінде студенттерге арналған жаңа дәріс залы, аталған аудиторияға Consolidated Contractors Company халықаралық құрылыс компаниясының негіз қалаушылары Саид Хури мен Хасиб Сабаг есімдері берілген. Жөнделген аудиториялардың жалпы алаңы 857 ш.м. құрайды. Инвестициялар сомасының көлемі шамамен 90 млн. теңге  (277 000$) құрайды.

Поделиться с друзьями: