2018 жылдың 06 маусымында Естемиров Марат Асанұлының «Қазақстан Республикасындағы корпоративтік қатынастардың құқықтық реттелуі» тақырыбындағы «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының қорғауы

2018 жылғы маусым айының 08 жұлдызында, сағат 16.00-де «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да Естемиров Марат Асанұлының «Қазақстан Республикасындағы корпоративтік қатынастардың құқықтық реттелуі» тақырыбында «6D030100 – Заңтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертация «Университет КАЗГЮУ» АҚ-ның Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасында дайындалған.

Рецензенттер:

Жайлин Габиден Айнашевич – заң ғылымдарының кандидаты, (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), С. Демирел атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы.

Казиева Гульжаухар Турсунхановна – заң ғылымдарының кандидаты, (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), Caspian University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

Қаудыров Төлеш Ерденұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор (мамандығы «12.00.03 – азаматтық құқық; кәсіпкерлік құқық; отбасы құқығы; халықаралық жеке құқық; азаматтық іс жүргізу; төрелік іс жүргізу»), лауазымы – «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның Азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының профессоры.

Fatih Aydogan – PhD докторы, Стамбул Университетінің сауда құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау «Университет КАЗГЮУ» АҚ-да «6D030100 – Заңтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» диссертациялық кеңесінде, қазақ тілінде, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, 611 аудиторияда (Ғылыми Кеңес залы) өткізіледі.

Толығырақ…

Поделиться с друзьями: