КАЗГЮУ Университеті әлемнің ең үздік елу университеттерінің қатарына енді




2018 жылғы 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында КАЗГЮУ Университетінің командасы Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition атты халықаралық құқық саласындағы Филипп Джессоп атындағы Халырақалық сот процестерінің қазақстандық ұлттық және халықаралық раундтарына қатысты.
Ф. Джессоп атындағы халықаралық сот процестері АҚШ-тың Вашингтон қаласында White & Case халықаралық заң фирмасының қолдауымен International Law Student Association – ILSA ағылшын тілінде өткізетін халықаралық құқық саласындағы ең беделді және танымал жарыс болып табылады. Биыл жарыс әлемнің тоқсан бес елінің намысын қорғауға келген 645 университет командасының қатысуымен елу тоғызыншы рет өткен.
КАЗГЮУ Университетінің командасы КИМЭП Университетіне қарсы екі раунд қорытындысы бойынша ұлттық кезеңнің жеңімпазы атанып Қазақстанның атынан шығатын болды. Халықаралық раундтарда КАЗГЮУ Университетінің командасы University of Toronto (Канада), Case Western Reserve University (АҚШ), BRAC University (Бангладеш) және Hena e Plote (BEDER) University (Албания) секілді беделді оқу мекемелерінің командаларымен бәсекелестікке түсті.

Нәтижесінде КАЗГЮУ Университетінің командасы жалпы 3050 ұпай жинап, 49-орынға ие болды. Байқау рейтингінде КАЗГЮУ Университетінің командасы University of California – Berkeley (АҚШ, 60-орын), Universität Wien (Аустрия, 53-орын), University of Ottawa Faculty of Law – Common Law Section (Канада, 57-орын), Fordham University (АҚШ, 62-орын), Case Western Reserve University (АҚШ, 64-орын) және көптеген басқа да танымал жоғары оқу орындарынан озып шықты.
Оған қоса, командамыздың меморандумдары 26-орынды иеленіп, әлемнің ең үздік меморандумдарының елулігіне кірді, ал спикерлеріміз Зарина Темірболатова мен Мадина Артурова байқаудың ең үздік жүз спикерлерінің қатарына енді.

Команданың жеңіске жетуіне өз үлесін Айым Сабырова, Александра Платошина және Адиль Осипов секілді КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен магистранттары қосты. Бұл жарысқа команда КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасының орынбасары және Халықаралық құқық кафедрасының доценті Мирас Дәуленовтың, сондай-ақ дәл сол кафедраның аға оқытушылары Айман Смагулова мен Альберто Пекорароның басшылығымен дайындалды.

СМИ о нас:

bnews.kz: В сотню лучших спикеров конкурса в США вошли выпускницы КАЗГЮУ

astanafm.kz: «Халықаралық құқық» пәнінен өткен халықаралық сайыс

astanatimes.com: KAZGUU University enters top 50 universities following Jessup competition

Поделиться с друзьями: