«Internal and External Quality Assurance Systems for Cycle 3 (Doctoral) Programmes» халықаралық конференциясы


2018 жылғы 16-17 қазан күндері М.S. Narikbaev atyndagy КАZGUU Universitetі-нде Эразмус+ бағдарламасымен бірге қаржыландырылатын «Еуропалық интеграциялық күн тәртібіне сәйкес 3-деңгейдегі сапаны қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеулерді интернационалдандыруды ілгерілету» (C3QA) жобасын жүзеге асыру төңірегінде ұйымдастырылған халықаралық конференция өткен.

Конференцияның мақсаты еуропалық интеграциялық күн тәртібіне сәйкес сапаның сыртқы және ішкі жүйелерін құру арқылы Қазақстан, Армения, Украина және Моңғолия секілді қатысушы-елдерінің докторлық (PhD) бағдарламаларының сапасын арттыру саласындағы мәселелерді талқылау және тәжірибемен алмасу болып табылады. Конференция барысында жобаға қатысушылар докторлық (PhD) бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету бойынша әзірлеген тәсілдерін, құралдары мен индикаторларын табыстағаннан кейін, Франциядан, Испания мен Польшадан келген еуропалық сарапшылар ұсынылған нәтижелерді бағалады.

Халықаралық тұрғыдан докторлық (PhD) білімді дамыту бағыттары мен беталыстары туралы Global Developments and Trends on Quality Assurance of Cycle 3 (Doctoral) Programmes тақырыбына профессор Laureano Gonzalez-Vega баяндама жасады.

Сондай-ақ конференцияның жұмысына Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Нархоз университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті секілді отандық оқу орындарының өкілдері де қатысты.

Конференция туралы қосымша ақпарат жобаның ресми сайтында орналастырылды.

Поделиться с друзьями: