Құрметті Мұрат Тәжі-Мұратұлы!

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің қызметкерлері Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып амандық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, өмірлік күш-қуат тілейді!
Сіздің Отанымызға риясыз қызмет етуге арнаған еселі еңбегіңіз, іскерлік қабілетіңіз бен жарқын, жаңашыл істеріңіз кемел келешекке көш тартқан Мәңгілік Елдің тарихи жылнамасына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз.
Конституциялық құрылыс, мемлекет және құқық теориясы саласында іргелі ғылыми жұмыстар жазып, елу жыл өміріңізді заң ғылымы мен жоғары білімді дамытуға арнадыңыз. Сіздің еңбектеріңіз елімізде ғана емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықта жоғары бағаланады.
Мұрат Тәжі-Мұратұлы, Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз.

Поделиться с друзьями: