Талгат Нарикбаев: Азаматтық қоғам дегеніміз не? Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жоғары оқу орындары мен мектептердің рөлі.

Азаматтық қоғам – бұл ең алдымен еліне жаны ашитын адамдар. Бұл адамдар нағыз патриот болғандықтан, халықтың тұрмысын жақсартуға өз үлесін қосқысы келетін жандар.
Ал азаматтық қоғамның қалыптасуын сөз қылсақ, онда әрбір отбасы мен балабақшалардың, мектептер мен жоғары оқу орындарының атқарар рөлі зор. Барлығы отбасы, ошақ қасынан басталады, өйткені біз ата-әже, ата-ана болған соң өзіміздің әрбір сөзіміз бен іс-әрекетімізбен өсіп келе жатқан балаларға әсер етеміз. Бала өтірік сөйлей бастайды, себебі ойланып та, ойланбай да жасаған әрбір қимылымызбен балаға үлгі болдық. Мәселен, баламызға телефон қоңырауына жауап беріп, үйде ата-ана жоқ деп айтуды үйретеміз, дәл осылайша, өтірік сөйлеуге рұқсат береміз. «Телефонмен ойнай берме» деп айтқанымен, өзіміз дәл сол телефонды қолымыздан түсіргіміз келмейді.
Одан кейін балабақшаларды алайық, тәрбиелеушілерге сыйлық жасағаннан кейін олар балаларымызға қабағын шытпайды. Балалар бұл мәселені материалдық сыйлық арқылы шешуге болатынын түсінеді. Орта мектепте кейбір балалар үй тапсырмасын біреуден көшіріп жазады және ол үшін жазаланбайды, кейбір мұғалімдердің өз сүйікті оқушылары бар, жиі кезде оған ата-ананың мәртебесі немесе неше түрлі сыйлықтар ықпал етеді. Сыныптастар балалардың мінез-құлқысына темекі тартып, боғауыз айтып және басқаша да әсер етеді. Осылайша, оқушылардың арасында мінез-құлқының бейнебір үлгісі қалыптасады.
Кейде ҰБТ-ға дайындалған кезде мұғалімдер жоғары нәтиже алу үшін балаларға шпаргалка жаздыруды, телефон жасыруды үйретеді. Ал жоғары оқу орындарында бұдан басқа студенттер жиі кезде алдауға да кіріседі (біреуден көшіріп жазады, эссе мен дипломдық жұмыстарды сатып алады, плагиат орын алуы мүмкін). Ал кейде тіпті жақсы баға алу үшін оқытушылар мен қызметкерлерге пара да береді. Осындай жағдайларда алдап үйренген, біліксіз студенттер диплом алып, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады.
Дамир Шыныбеков, Халықаралық IT Университетінің ректоры: Қазіргі әлемнің тез өзгеріп жатқанын барлығымыз да білеміз, оның ішінде бұл өзгерістер білім саласында да орын алып жатыр. Білім беру саласын жаңғыртумен қатар бұл процестегі азаматтық қоғамның рөлі де бірте-бірте ұлғайып келе жатыр. Мәселен, өмір бойы (балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейін) оқу стратегиясының табысты іске асырылуына әлеуметтік қарым-қатынастардың ізгіленуі, демократиялық құндылықтардың өріс алуы, жекелеген өңірлер мен елдердің деңгейінде және ортақ жаһандық деңгейде әлеуметтік бірлікке қол жеткізу секілді азаматтық қоғамның сипаттамалары тәуелді болады. Әлемдегі білім саясатының жаңа бағыттары – жұрттың бәріне білім алуға бірдей мүмкіндік беруге және жаңа технологиялардың көмегімен оқуға итермелейтін жағдай жасауға бағытталған азаматтық қоғамның беталысы.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден өтіп оқи аласыздар.

Поделиться с друзьями: