Болашақ заңгер: 2019 жылы жастарға ірі стартап-жобаларды құруға зор мүмкіндіктерді табыстайды

Белсенді студенттер ұйымының өкілі Ұлан Кемалхан жуырда заң клиникасының мүшесі атанды. Заң университетінің бакалавры болғандықтан, ол Жастар жылы ірі стартап-жобаларды құруға зор мүмкіндіктерді береді деп санайды, деп хабарлайды “Қазақпарат” ХАА.

Ұлан Кемалхан M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің 2-курс студенті, Университтегі Ар-намыс сотының прокурорлар гильдиясына төрағалық етеді, сондай-ақ «Greeters» студенттік ұйымының басшысы болып табылады.
“Елбасы өзінің кезекті Жолдауында 2019 жылы Жастар жылы болсын деп хабарлады. Қазіргі жастар кішкентайынан технологияларды жетік меңгерген, алайда идеялары көп болғанымен, қаражаты мен мүмкіндіктерінің тапшылығына орай оларды жүзеге асыра алмайды. Елбасының ең басты тапсырмаларының бірі Жастардың стартап жобаларын қолдау қорын құру болып табылады. Әрқайсысымыз өмірлік жолымызды, кәсібімізді тауып, ел байрағын биікте желбіретуге тиістіміз”, – деп белгіледі болашақ заңгер.

“Республикалық телеарналар Жастар жылының ашылғанын көрсеткен. Біз, M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің студенттері тікелей эфирді үлкен қызығушылықпен тамашаладық». Жақында Ұлан Кемалхан халыққа заң қызметтерін тегін ұсынуға бағытталған “Халық заңгер” жалпы республикалық акциясына белсенді қатысты. “Келешекте мен алған білім мен жинаған тәжірибемді халықтың құқықтық салауаттылығының деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына ерекше назар аударып, Қазақстандағы сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жолында пайдаланғым келеді”, – деп жалғастырды ол.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстанда Жастар жылының ресми ашылу салтанаты өткен. Салтанатты жиын барысында жас қазақстандықтарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуін жолдады.

Поделиться с друзьями: