КАЗГЮУ түлегі Жамбыл облысы прокурорының лауазымына тағайындалды

“Ағымдағы жылдың 1 наурызында Мемлекет Басшысымен келісу бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсаинов Жамбыл облысы прокурорының лауазымына тағайындалды”, – деп хабарлады Бас Прокуратураның баспасөз-қызметі.

Жарқын Құсаинов 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Алматы қаласындағы КАЗГЮУ-ді “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмәмдады. Еңбек жолын 1993 жылы Бас Прокуратураның істерін басқару кеңсесінің инспекторы лауазымынан бастады.

Осы уақытқа дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарды. Прокуратура органдарында жұмыс өтілі – 20 жылдан артық.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері үшін Мемлекет Басшысының Жарлығымен “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Түлектеріміздің жетістіктерін мақтан тұтып, еліміздің көшбасшыларын даярлауға өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз.

Поделиться с друзьями: