2019 жылы 18-19 сәуір күндері университетте мұғалімдер мен оқытушыларға арналған «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы өтеді

2019 жылы 18-19 сәуір күндері M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Қазақ және орыс тілдері департаменті оқытушылары мен Қазақ тілін креативті оқыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен мектеп, колледж және университет мұғалімдері, оқытушылары арасында «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық байқауы өтеді.

Байқауға республикамыздың оңтүстік, солтүстік, орталық, шығыс және батыс өңірлерінен, атап айтқанда Шымкент, Алматы, Талдықорған, Семей, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Орал сынды қалалардың білім ордаларынан жалпы саны қырық үш білікті де тәжірибелі оқытушылар мен ұстаздар қатысады.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары түрлі дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен, сондай-ақ «Үздік эссе», «Үздік әдіскер», «Креативті мұғалім», «Жаңашыл педагог», «Үздік видео», «Ұстаз бренді», «Жақсы сөз – жарым ырыс» номинациялары бойынша марапатталады.

Байқаудың демеушілері: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Поделиться с друзьями: