KAZGUU студенттері халықаралық ғылыми конференцияның жеңімпаздары атанды

Құқық жоғары мектебінің студенттерін А. Сабек пен Е. Өмірзақты және олардың ғылыми жетекшесін з.ғ.к., Қылмыстық сот төрелігі департаментінің доценті Э.Е. Мусенованы ҚР ІІМ Қарағанды академиясында Жастар жылына арналып өткізілген “Жастар және қазіргі қоғам: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимылдың проблемалары” тақырыбына курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша алған бірінші орынмен құттықтаймыз.

2019 жылдың 26 сәуірінде M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің “Құқық қорғау қызметі туралы” мамандығының 3-курс студенттері Құқық жоғары мектебінің Қылмыстық сот төрелігі департаменті оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен (Д. Демесинова, А. Мамбеталиева, А. Султанова – ғылыми жетекшісі з.ғ.к., проф. К.В. Ким; А. Сабек, Е. Өмірзақ, А. Абатова – ғылыми жетекшісі з.ғ.к., доцент Э.Е. Мусенова) Жастар жылына арналған “Жастар және қазіргі қоғам: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимылдың проблемалары” тақырыбына курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Отандық білім ордаларының курсанттары мен студенттерінен басқа бұл конференцияға жақын шет елдерінің өкілдері де қатысты (Ресейден – ІІМ Омбы академиясы, ІІМ Краснодар университеті, ІІМ Уфа заң институты, ІІМ Волгоград академиясы; Қырғыз Республикасынан – Қырғыз Республикасы ІІМ Э.А. Алиев атындағы Академиясы; Украинадан – Ұлттық ішкі істер академиясының Карпат маңы факультеті; Беларусь Республикасынан – ІІМ Могилев институты).

Конференцияның “Қылмыстарды жасау, алдын алу, ашу және тергеудің теориялық және қолданбалы аспектілері” № 3-секциясының отырысында өздерінің ғылыми ұстанымдарын табысты көрсетіп және қорғап, біздің студенттер А. Сабек пен Е. Өмірзақ 52 қатысушының арасында бас жүлдеге ие болды.

Поделиться с друзьями: