Нұрсәуле Қайратқызы КАЗГЮУ ректорының грантын жеңіп алды

Елордада «Nur Otan» партиясының жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысы аясында Generation Next жастар жобасы ұйымдастырған «Bіz bolashaq urpaqpyz» республикалық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 15 маусымына дейін еліміздің барлық өңірлерінен алты жастап бастап 18 жасқа дейінгі 137 қатысушы жарияланған тақырыптар бойынша өздерінің эсселері мен бейнероликтерін жіберген болатын:

1. Балаларға барлық жағдай жасайтын қала.

2. Көмекке мұқтаж балаларға қалай көмектесуге болады?

3. Интернет-кеңістіктегі қауіпсіздік.

Астанадан қатысқан балалардың барлығына сыйлықтар және «MBA Kids Kazakhstan» халықаралық мектебінде кәсіпкерлік бағдарламасына арналған сертификаттар табысталды. Бас жүлде M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıtetinin ректорының Гранты Нұр-Сұлтан қаласы № 83 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нұрсәуле Қайратқызына бұйырды, оның жобасы ең үздік болып танылды.

Басқа облыстардан қатысқан қатысушылар өңірлік деңгейде марапатталады. Жұмыстардың барлығы gnext.kz порталында жарияланады, ең үздік эссе Generation Next журналының жаңа санында жарық көреді.

Бұл жобаға M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti және С.К. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебі қолдау көрсетті.

Поделиться с друзьями: