Академиялық ұтқырлық, 2020 жылдың көктемгі семестрі

Құрметті студенттер! Біз 2020 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдердің қабылданып басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Өтінеміз, мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Университетті таңдаңыз. Олардың сайтын, пәндер тізімін тексеріңіз. Эдвайзермен ұсынылған университеттердің қайсысы екенін КАЗГЮУ-дағы оқу бағдарламаңызға сай келетіні жөнінде ақылдасыңыз.
  2. Ата-анаңызға айтыңыз.
  3. Сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жинаңыз.
  4. КАЗГЮУ-дегі электрондық поштаңызға келіп түсетін нұсқаулықпен танысыңыз.
  5. Сұрақтарыңыз болса, mobility@kazguu.kz электрондық поштасы арқылы халықаралық ынтымақтастық бөліміне немесе № 213-кабинетке жолығуыңызды сұраймыз.

Құқық жоғары мектебі:

Төменде 2020 жылдың көктемгі семестріне екі жақты негізде әріптес-университеттердің тізімі ұсынылған – студенттердің барлығы қатыса алады, бірақ шығындарын өз есебінен өтейді (бару-қайту жолақысы, семестр бойы тұру ақысы, визалық алым, сақтандыру, тамақтану және жеке шығындары):
Германия:
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве қ. – Салық салу және құқық (2 студент)
Чех Республикасы:

Мендель Университеті (Mendel University), Брно – Халықаралық құқық – 1-2 студент
Литва:
Ұлы Витаутас Университеті (Vytautas Magnus University) – Құқық – 2 студент
Венгрия:
Корвин Университеті (Corvinus University), Будапешт – Халықаралық құқық – 1 студент
Италия:
Болонья Университеті (Bologna University), Болонья – Халықаралық құқық – 1-2 студент
Польша:
Ополе Университеті (Opole University) – Құқық – 2 студент (500-600 Еуро көлемінде оқу ақысы алынуы мүмкін – нақтылау керек).

Экономика жоғары мектебі:

1) Төменде 2020 жылдың көктемгі семестріне әріптес-университеттердің тізімі ұсынылған, бұл оқу орындарында сіздер Erasmus + стипендиясын ала аласыздар: GPA 3 және жоғары, ағылшын тілінің деңгейі B2, мықты уәждеме; ай сайынғы стипендия (айына 600-800 еуро) және бару-қайту билеті (шамамен 800-900 еуро) төленеді. Барлық мамандықтардың студенттері қатыса алады; университеттердің веб-сайттарын және олардың оқу бағдарламаларын тексеріп алыңыз:

  1. Hof Университеті (Hof University), Германия – Бизнес және Басқару, IT (1 орын)
    2. Марбург Университеті (Marburg University), Германия – Бизнес және Басқару (1 орын)
    3. Трансильвания Университеті (Transilvania University), Румыния – Психология, Аударма ісі, Жұртшылықпен байланыс (1 орын 3,5 айға)
    4. Батыс Аттика Университеті (West Attica University), Греция – Туризм (1 орын)

2) Төменде 2020 жылдың көктемгі семестріне екі жақты негізде әріптес-университеттердің тізімі ұсынылған – студенттердің барлығы қатыса алады, бірақ шығындарын өз есебінен өтейді (бару-қайту жолақысы, семестр бойы тұру ақысы, визалық алым, сақтандыру, тамақтану және жеке шығындары):

Германия:
Хоф Университеті (Hof University), Хоф – Бизнес және Басқару, IT (5 және одан да көп студент)
Еурова Виадрина Университеті (European University Viadrina), Франкфурт (Одер) – Экономика (2 студент)

Филипп атындағы  Марбург Университеті (Philipps-University Marburg) – Іскерлік әкімшілендіру (1-2 студент)

Франция:
Тулуза саяси зерттеулер институты (Science Po Toulouse) – халықаралық және салыстырмалы зерттеулер бойынша диплом, 1-2 семестр (2 студент)

Ecole de commerce Europeenne: Лион – Сыртқы экономикалық қызмет менеджменті I Модуль, Іскерлік әкімшілендіру 3; Бордо – Сыртқы экономикалық қызметті басқару II, Іскерлік әкімшілендіру 3 – 6-10 студент

Чех Республикасы:

Мендель Университеті (Mendel University), Брно – Экономика, Туризм – 2 және одан да көп студент
Острава Университеті (Ostrava University), Острава – Аударма ісі – 2 және одан да көп студент
Литва:
Еурова Гуманитарлық Университеті (European Humanities University) – Туризм – 1-2 студент
Ұлы Витаутас Университеті (Vytautas Magnus University) – Бизнес, Экономика және басқалар (веб-сайттарды қараңыз) – 2 және одан да көп студент

Латвия:
Туриба Университеті (Turiba University) – Туризм, Экономика және Бизнес – 2 студент
Латвия Университеті (University of Latvia) – Бизнес, Менеджмент және Экономика – 1 студент
Венгрия:
Корвин Университеті (Corvinus University), Будапешт – Аударма ісі – 1 студент
Дунауйварош Университеті (Dunaujvaros University), Дунауйварош – Бизнес және Менеджмент – 2 студент

Оңтүстік Корея:

Аньян Университеті (Anyang University), Сеул – Аударма ісі – 2 студент

SolBridge халықаралық бизнес мектебі (International School of Business SolBridge), Дэчон – Бизнес және Управление – 2 студент (қос диплом бағдарламасы аясында оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар)

Донг-А Университеті (Dong-A University), Пусан – Аударма ісі, Туризм – 2 студент
Португалия:
Порту Университеті (Universidade de Porto), Порту – Аударма ісі – 2 студент
Испания:
Хаэн Университеті (University of Jaen), Хаэн – Аударма ісі, Бизнес және Басқару – 2-4 студент
Грузия:
Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті (Batumi Shota Rustaveli State University) – Туризм, Психология – 2+2 студент

Хорватия:
Дубровник Университеті (Dubrovnik University), Дубровник – Экономика, Бизнес – 2 студент
Польша:
Катовице Экономики Мектебі (Katowice School of Economics) – Экономика – 1-3 студент (оқу ақысы шамамен 500-600 еуро құрайды)

___
Мынадай өлшемшарттарға сай болу керек: Университетке байланысты, бірақ жалпы алғанда, 2 – 3-курс студенттері, GPA — 2,5, ағылшын тілінің деңгейі B2.
Өтінімді берудің соңғы күні: 9 қазан 2019 жыл.

Барлық бағдарламалар үшін құжаттар толтырылып көрсетілген мерзімге дейін ЦОН-ға тапсырылуы тиіс.

Төменде қажетті құжаттардың тізімі ұсынылады:

— Студенттің белгіленген нысан бойынша өтініші – Декан қол қою керек (нысанын жүктеп алыңыз) (жүктеу)
— ҚР азаматының сауалнамасы (нысанын жүктеп алыңыз) (жүктеу)

—  3х4 мөлшердегі 2 фотосурет.

— академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламаға қатысуға ата-ананың рұқсаты – бірінші кезде скан көшірмесі, ал кейін түпнұсқасын әкелу керек (нысанын жүктеп алыңыз) (жүктеу)

— екі тілдегі транскрипт – ЦОН-да тапсырыс беру.
— жеке куәлік көшірмесі.

— екі ұсыным хат (еркін нысанда) – қазіргі оқытушылардан немесе мектептен бастап, өткен семестрден өзіңізді жақсы білетін оқытушылардан, ғылыми жетекшілер және т.б.

  • ЦОН-ға өтініш (нысанын жүктеп алыңыз)(жүктеу)

Поделиться с друзьями: