KAZGUU-да Корея апталығы өтті

16 қыркүйектен бастап Корея Республикасы елшілігінің қолдауымен M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Корея апталығы басталып кетті. Осы шара аясында KAZGUU Unıversıteti студенттері мен қызметкерлерінде бұл ғажайып елдің мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысу үшін тамаша мүмкіндік болды.

16 қыркүйекте университет мұражайының алдында кореялық кино күні өткен. Студенттер Кореяның киноиндустриясымен танысып, бүкіл әлемге әйгілі BTS, Black Pink және EXO секілді к-pop топтарының музыкасын тыңдап тамашалады.

17 қыркүйекте Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик мырзаның дәрісі өткен, оның барысында шақырылған қонақ оңтүстік кореялық түбектің экономикалық ахуалы, инновациялары мен саяси бағдарлары туралы баяндады.

19 қыркүйек күні профессор Ми Хва Сонгтың Кореяның дәстүрлі этикеті туралы тақырыпқа өте қызықты дәрісі өткен, студенттер Оңтүстік Кореяның керемет дәстүрлерімен танысты.

Дәл сол күні университет мұражайының жанында Шай рәсімі және Кәмелетке толу рәсімі өткен. Шай рәсімінде Ми Хва Сонг ханым кореялықтардың шай ішу дәстүрінде әдептің қарапайымдылығы әрқашан басты белгісі болғанын көрсетті. Студенттер шай дәмін тамашалап, Кореяның бай тарихын сезінгендей болды.

Кәмелетке толу рәсімінде студенттер мен қызметкерлердің өзінің бастапқы қалпын сақтаған Оңтүстік Кореяның ұлттық мейрамына қатысуға мүмкіндігі болды, бұл мейрамның мәні жасы жиырмаға толған жастардың өмір бойы жауапты болуы туралы ант беретінінде жатыр.

KAZGUU Unıversıteti-нде Кореяның апталығы Корея Республикасының Елшілігімен бірге Korea Tourism Organization, MIRAE and Kaz.KoreaAgency Duo ұйымдастырған k-pop тыңдаумен аяқталды, бұл сайыс барысында көптеген дарынды жастардың Кореяның дарындылар агенттігінде тағылымдамаға қол жеткізу үшін бағын сынап көрді.

Поделиться с друзьями: