KAZGUU және University of Law (London) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылдың 3 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде KAZGUU және University of Law (London) арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою нәтижесінде Университеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарланады: KAZGUU негізінде University of Law филиалын ашу, магистратураның қос диплом бағдарламаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасында ағылшын құқығының қолданылуын дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу және басқа да академиялық бастамалар.

Меморандумға қол қою рәсіміне KAZGUU Университетінің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев және University of Law Ректорының интернационалдандыру мәселелері жөніндегі орынбасары Vassilis Konstantinou қатысты.

Бұл Меморандумға қол қою – Университеттің халықаралық бағыттағы жұмысының нәтижелері. Осылай, биыл қазан айында KAZGUU Университеті Hof University of Applied Sciences (Германия) қос диплом бағдарламасы туралы шартқа қол қойды және North Arizona University (АҚШ) Университетімен туризм бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосты.

Поделиться с друзьями: