KAZGUU-да “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” атты форум өткен

6 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Нұр-Сұлтан қаласының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Жаңару” жалпыұлттық қозғалысы” РҚБ филиалының бастамасымен “Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” атты форум өтті.

Форумды “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Жаңару” жалпыұлттық қозғалысы” РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов бастап, оның соңы баспасөз-конференцияға ұласты.

Форумға өз баяндамаларымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, елорданың мемлекеттік органдарының, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалдарының, бастауыш ұйымдарының басшылары, ҮЕҰ, бизнес-ортаның өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, БАҚ, “Жаңару” РҚБ қозғалысының белсенділері қатысты.

Поделиться с друзьями: