KAZGUU Университетінде әзірбайжан-қазақстандық дөңгелек үстел 11 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Әзірбайжан Республикасының Қазақстан

11 желтоқсан күні M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қатысуымен “Заң үстемдігі, толеранттық және мәдениеттер алуандығы дәстүрі негізінде құқықтық мемлекет институттарының қалыптасуындағы Әзірбайжан және Қазақстан көшбасшыларының рөлі” атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткен. Бұл шара әзірбайжан халқының жалпы ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздік күніне арналған.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Әзірбайжан істеріндегі уақытша уәкіл Агаджавид Рамазанов және KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы Мирас Дәуленов Әзірбайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жақты қарым-қатынастарды дамытудағы ерекше рөлдерін атап өтті.

Шара барысында С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының профессорлар кеңсесінің құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы С.Ударцевтің, тәуелсіз сарапшы Н. Әлмухамедованың, KAZGUU Unıversıteti-нің аға оқытушысы, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші қызметкері, PhD Мүсілім Хасеновтың, сондай-ақ “Қазақстан тарихы” порталының шығарушы редакторы Арман Сүлейменовтың мазмұнды баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, PhD Алуа Жолдыбалинаның бұл шараны керемет жүргізе білгенін атап өту керек.

Поделиться с друзьями: