Жаңа жылдық корпоративтік тимбилдинг

25 желтоқсан күні Family Forest Resort «BalQaragai» аумағында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қызметкерлері үшін Жаңа жылдық корпоративтік тимбилдинг өткен.

Профессор-оқытушылық құрам мен әкімшілік бөлімшелерді қоса алғанда, тимбилдингке екі жүзден астам қызметкерлер қатысты. Бұл мерекелік шара KAZGUU Unıversıteti-нің қызметкерлерін бір үлкен тату командаға біріктіру үшін барлығын жасаған «BYRO GLAZ EVENTS» ивент-агенттігімен бірге ұйымдастырылды. Университеттің қызметкерлері шаңғы , хоккей, футбол және т.б. ойындарға атсалысып, көңілді уақыт өткізді.

Кешке қарай тимбилдинг «AURA» мейрамханасында өз жалғасын тапты. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Т.М. Нәрікбаев жиналған қауымды құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді. Шараны ұйымдастырушылар кешті «Energy Man», «Pixel» секілді жарық шоу, жұлдызды билермен безендірді. Сондай-ақ мерекелік кешке Аяз Ата мен Ақшақар келіп, Университет қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Естен кетпес ерекше кеш пен жақсы көңіл-күй үшін Университет басшылығы мен «BYRO GLAZ EVENTS ивент-агенттігіне алғысымызды білдіреміз!

Поделиться с друзьями: