M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы (Ректоры) ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы (Ректоры) Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Мирас Дәуленов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін “Заңтану” мамандығы бойынша бітірді. Магистр дәрежесін де сонда қорғады. Вроцлав Университетінде құқық саласындағы PhD докторы атанды.

2012 жылдың тамыз айында М. Дәуленов KAZGUU Unıversıteti-нің халықаралық құқық және халықаралық қарым-қатынастар кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2015 – 2018 жылдары M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Басқарма Төрағасының орынбасары – С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының директоры лауазымын атқарды. 2018-2019 жылдары Провост – С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының директоры. 2019 жылы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Провосы (Ректоры) болып тағайындалды.

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti шын жүректен М. Дәуленовты осы лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және қызметінің табысты болуын тілейді!

Поделиться с друзьями: